2019 жылы 27 қараша күні «№4ОМ» КММ «Химия», «Биология» пәндерінің әдістемелік шеңберінде «Анатомия білгіштері» биология бойынша химия, биология мұғалімі Фазылова Ф.Б. 9-11 сынып оқушылар арасында сабақтан тыс іс-шара өткізді.
Іс-шара мақсаттары:
-білімділік-адам анатомиясы бойынша қайталау, білімдерін кеңейту және тереңдету;
-дамытушылық-белсенді шығармашылық ой-қабілеттерін, биология пәніне танымдық қызығушылығын дамыту, топпен жұмыс істеуі, елестетуді, шығармашылық және актерлік қабілеттерін дамыту;
-тәрбиешілік-өз денсаулығына сергек және күтімді қатынас керектігін сезіну, достық, серіктестік сезіміне және өзара жәрдем көрсетуіне тәрбиелеу.
Дабыл бойынша қатысушылар өз орындарына барып, 9-а, 9-б, 11 сынып оқушыларының «Таныстыру кезеңінің» 1 туры басталады. Оқушылар өз командаларын «Экологи», «Веселые внутренности» , «Алмаз» аттарымен ұсынды. Фарида Булатовна 2,3,4 тур бойынша биологияның түрлі бөлімдерінен қызықты және түрленген сұрақтарын дайындады. «Біз өз ағзамызды жақсы білеміз бе?» атты 5 тур мағыналы болды. 9-а команда капитаны-Люльчак Софья, 9-б-Мұрат Сәлімжан, 11-Жуасова Алина тапсырмаларға жауаптарын дайындады. «Өзіне-өзін көмектес» үй тапсырмасы бойынша командалар актерлік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. «Веселые внутренности» команда қатысушыларына тең ешкім болған жоқ. «Біздің айналымыздағы дәрі өсімдіктер» 6 турда мұғаліммен ұсынылған тақырып бойынша оқушылар айтып берді. «Мылқау сахна» 7 турда қатысушылар өз актерлік шеберліктерін көрсетті. 1 орын-9 б, 2 орын-9 а, 3 орын-11 сынып алды.