Текст
Егеменді мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – оның ұлттық валютасы. Кез келген мемлекеттің тарихы өз валютасының тарихын қамтиды, оны енгізу бір рет қана болады. Теңгенің тарихы Елбасының 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығынан басталды. Оның авторлары 4 жоғары санатты шеберлерден құралған дизайнерлер тобы болды. Бұл – Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов және Қайролла Әбжәлелов. Бүгінгі таңда теңге ұлттық валюта ретінде республикада берік орнықты. Енді 15 қараша теңгенің туған күні ретінде ғана емес, Қазақстан Республикасының Қаржыгер күні ретінде де ресми түрде танылды.