Текст
2022 жылдың 16 қарашасында №4ОМ директордың жанындағы кеңес өтті.Күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралды.Мектеп директоры Ашкенова А.К. «Педагог» кәсіби стандарты құжатының маңыздылығын атап өтті. Мұғалімнің кәсіби стандарты – мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен тұлғасына қойылатын талаптар.Мұғалімдер топтарға бөлініп, әр топ стандарттың тарауларын қорғады. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулеуова А.К. және директордың орынбасары Кравцунова Е.В. үздіксіз білім беру жүйесінде тұлғаны тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздерін айтты.