Текст
2023 жылдың 13 наурызында №4 жалпы орта білім беретін мектебінде МОДО-ға дайындық мақсатында 4 және 9 сынып оқушылары арасында сынақ тестілеуі өткізілді. 4-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бақылау үш бағыт бойынша: оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша АКТ-ны қолдану арқылы кешенді тестілеу түрінде жүзеге асырылады. 9-сыныпта АКТ-ны қолдана отырып, кешенді тестілеу түрінде екі бағыт бойынша – математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) бір бағытта – оқу сауаттылығы бойынша өткізілді.