Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетілді. Мектеп әкімшілігі осы акцияға бей-жай қарамаған ұйымдардың басшыларына алғысын білдіреді.
«Атбасар газ» ЖШС, жетекшісі Муратов Ринат Рауфович;
Атбасар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, бастығы Ашкенов Ерболат Сеилбекович;
«Мекеме 1», бастығы Байкадамов Казбек Кызгараевич.
Көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамыз, зор денсаулық, үйлеріңізге жақсылық пен бейбітшілік, амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.