Текст
Ұлттық валюта-теңгенің, әлемдік қоғамдастықтағы елдің рөлі мен орнын айқындау, қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, мемлекет рәміздеріне құрмет көрсету мақсатында 2023 жылғы 15 қарашада "ОМ 4" КММ оқушылары үшін "Теңге-Қазақстанның өмірі мен өркендеуінің нышаны" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Зияткерлік сынып сағатында оқушылар ұлттық валюта туралы білімдерін тереңдетіп, жүйелендірді.