Текст
ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында 2023 жылғы 13 желтоқсанда облыстық кәсіподақ грамоталары салтанатты түрде тапсырылды. "Ақмола облысы басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ басшысы Наймушина Н.Г., кәсіподақ Атбасар филиалының төрағасы Едрисова Р.Б. "ОМ 4" КММ математика мұғалімі Гладырева Светлана Михайловнаға Құрмет грамотасын және бағалы сыйлықты табыс етті.