2023 жылғы 14 желтоқсан күні 1-10 сыныптар үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Бұл күн Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Қазақстандықтар бұл күнді жыл сайын атап өтеді. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жарияланғанына 32 жыл толуын атап өтуде: 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады. Бұл іс-шараның мақсаты-өз Отанына деген патриоттық сезімдерді, азаматтық парыз, жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулеуова А.К. келе жатқан мерекемен құттықтап, орыс тілінен "Бастау" Республикалық Олимпиадасының жеңімпаздарына грамоталар мен сертификаттар табыс етті. Екі тілде жүргізушілердің сөздері, өлеңдер мен әндер салтанатты түрде айтылды.