"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаһандық құзыреттілік» курсы бойынша 7-сыныпта ашық сабақ

27.02.2024

2024 жылдың 27 ақпанында Жас педагог апталығы аясында «Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік. Техниканы қауіпсіз пайдалану» тақырыбында «Жаһандық құзыреттілік» курсы бойынша 7-сыныпта ашық сабақ өткізілді.
«Жаһандық құзыреттілік» курсының «Өмір қауіпсіздігі» бірлігін зерделеу аясындағы білім мен практикалық жұмыстар білім алушылардың физикалық, психологиялық, эмоционалдық және танымдық қорғалуын қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 
Бірліктің мақсаты: білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін білім арқылы дамыту, кез келген өмірлік жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, балалардың денсаулығын сақтайтын, тәуекелдерді қорғайтын және азайтатын, білім алушылардың ойланбаған әрекеттерінен сақтайтын икемді дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру. 
Міндеттері:
 1. Білім алушыларды қауіп-қатермен, физикалық және психологиялық қысым жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық және тиімді әрекет ету ережелерімен таныстыру.
 2. Білім алушыларда қауіпсіз мінез-құлық моделін, жергілікті және жаһандық сипаттағы кез келген күрделі жағдайларда шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру.
 3. Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін насихаттау. 

«Тіршілік қауіпсіздігі» бөлімшесінің мазмұны білім алушылардың денсаулығы мен өміріне туындайтын кез келген проблемалар мен қауіп-қатерлермен күресуге көмектесетін құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.

Просмотров: 805


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст