Текст
2024 жылдың 5 наурызында "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ басшысы Наймушина Н. Г. педагогтарды аттестаттау қағидаларының жобасындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Наталья Георгиевна аттестаттаудың жаңалықтары мен өзгерістеріне егжей-тегжейлі тоқталып, сұрақтарға жауап берді.