Текст
Наурыз-көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы. Тарихи тұрғыдан Ұлы далада жаңа жыл мерекесі 8-9 күнге созылып, осы кезеңді "Наурызнама" деп атады. "Жалпы орта білім беретін мектеп 4" КММ мұғалімдері мен оқушыларының ұжымы Наурыз концепциясын бірлік, бауырластық пен ынтымақтастық және жаңа құндылықтарды қалыптастыру мерекесі ретінде қарастырды. Наурыздың бірыңғай логотипімен танысты. Мерекенің мазмұнын жаңа идеологиялық мағыналармен толықтыру мақсатында тақырыптық бағыттар бойынша іс-шаралар жоспары жасалды.