Текст
№4 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сыныбында қорытынды аттестаттауды тапсыру жалғасуда. 6 маусымда білім алушылар қазақ тілі мен әдебиеті бойынша емтихан тапсырады. Қатысқан білім бөлімінің әдіскері Абитаева А.З. және мектеп директоры Ашкенова А.К. 9-сынып түлектерін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша кезекті емтиханмен құттықтап, сәтті тапсыруларын тіледі. Емтихан мұғалімі Текенова С.К., ассистенттер Ашкенова А.К., Кайратова Ж.М. Емтиханға барлық оқушылар келді.