Текст
30.10.2025
2025 жылдың 30 қазанында тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған аудандық қауымдастықтың отырысы өтті. 2025–2026 оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы «Адал Азамат» бірыңғай бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Бұл бағдарлама бұрын қолданылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының заңды жалғасы болып табылады, алайда оның мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал Азамат – Адал еңбек – Адал табыс» идеологиялық тұжырымдамасына сай жаңа атауға ие болды.