Текст
30.10.2025
Әлеуметтік педагогтар қауымдастығының аудандық әдістемелік отырысы
Бүгін №4 мектеп базасында аудандық әлеуметтік педагогтар қауымдастығының әдістемелік отырысы өтті. Іс-шараға аудан мектептерінен келген білім беру ұйымдарының мамандары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін ұсыну болды.