Текст
30.10.2025
Күзгі каникул аясында «№4 жалпы білім беретін мектеп»КММ 5-сынып оқушылары танымдық «Ең әлсіз буын» ойынында белсенді қатысты. Оқушылар викторина сұрақтарына қызығушылықпен жауап беріп, түрлі тақырыптар бойынша білімдерін көрсетті: мектеп пәндері, қоршаған орта, ертегілер, мақал-мәтелдер.
Ойын қызу және достық атмосферада өтті. Әр қатысушы тапқырлық, зейін және білімділігін танытты. Финалда жеңімпаз анықталып, оған «Ең мықты буын» атағы берілді.
Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін және командалық рухын дамытуға ықпал етті. Барлық қатысушылар жақсы көңіл күй мен жағымды әсер алды.