Текст
Сөз қасиеті мен қадірін жете түсінген қазақ бата беруге,бата алуға аса мән берген.Шынайы жүректен шыққан бата ғана қабыл болады дейді зерттеушілер.Ескірмеген салттың бірі-бата беру. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кетіп өтпеуге,тек ақ батасын алуға тәрбиелеген.
Бата, бата беру-адал ниет,жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.Дастархан басында ,түрлі жиын-тойларда,т.б.адам өмірінде кездесетін қуаныштар кездесетін той,қуаныш иесіне арнап қол жайып,бата береді.
Бата беруді жаңғырту мақсатында "4ЖББМ"КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Санияз Нұргүлдің атасы Хазы Бакей келе жатқан Наурыз мейрамымен өзінің жүрек жарды ақ батасын берді.